Бердіхан Орындықұлы өмірден ерте кеткен қаламгерлердің бірі. Алтайдың арғы бетінде туған ақынның алғашқы өлеңдері, сатиралары жергілікті баспасөз беттерінде жарық көріп тұрды. Ойы қағылез, тілі жүйірік қаламгер ретінде таныла бастаған болатын. Жаны жайсаң, мінезі қарапайым азаматтың бергенінен берері әлі де көп еді.