Бекет Қарашин
Бекет Қарашин

Қарашин  Бекет Мұқанәліұлы 1953 жылы 23 қазанда Атырау обылысы Индер ауданы Аққала ауылында дүниеге келген.

1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1974-1979 ж.ж. Қазақстан мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетін үздік бітірді.

1979 -1993 жылдары  Қарағанды Ішкі Істер  министрлігінің Жоғары мекетебінде философия кафедрасының аға мұғалімі болып, Мәскеуде, Таулы Қарабақта, Жаңа Өзенде тыныштық пен тәртіп сақтау істеріне араласып, жауапты да күрделі үкіметтік тапсырмаларды орындаған.

 

150-ден аса қазақ жырауларының, ақындарының, серілерінің поэзиялық шығармаларын, 20-дан аса көркем прозалық және киносценарийлік туындыларын, қазақтың жүзден аса мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударған. 30-дан астам  халықаралық,  республикалық  әдеби және кәсіби  байқаулар мен сыйақылардың иегері:

  • Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (Алматы, 2008)
  • Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты (Қазақстан, 2003)
  • Халықаралық «Новый современник» Жазушылар Одағының мүшесі (Рязань, Россия, 2013)
  • Халықаралық Жазушылар Гильдиясының мүшесі; (Sindelfingen, Германия)
  • Халықаралық «Поэтическое братство» байқауының лауреаты (Тула, Россия, 2013)
  • Халықаралық И. Бунин атындағы «Лёгкое дыхание» конкурсының лауреаты (Cutersloh, Германия, 2010)
  • Экологиялық поэзия халықаралық конкурсының лауреаты (Москва, 2010)
  • Бірінші ҚР ақындар мен аудармашылар байқауының лауреаты (Астана 2009)
  • Халықаралық «Флорида Кон» байқауының лауреаты (Флорида, США, 2011)
  • Халықаралық «Златен Кан» байқауының лауреаты (София, Болгария, 2011)
  • Халықаралық «Белая скрижаль» сыйлығының лауреаты (Москва, 2010)
  • Ұлттық «Халық Батыры» атағының иегері (Алматы, 2011)
  • Халықаралық «Литературная Вена» байқауының номиннаты (Вена, Австрия, 2011)
  • Халықаралық «Акторна» байқауының номиннаты (Уфа, Россия, 2011)
  • Халықаралық «Слово миру» байқауының лауреаты (Рим, Италия, 2012)
  • Халықаралық  В.Каверина сыйлығының иегері (Псков, Россия, 2012)
  • «Русский стиль» байқауының дипломанты («Проза» жанры бойынша) (Германия, 2013)
  • «Русский стиль» байқауының «Автор – стильное перо!» атағының иегері «Публицистика, эссеистика» номинациясы бойынша (Германия, 2013)
  • «Индер ауданының құрметті азаматы» атағының иегері (Қазақстан, 2013)
  • Халықаралық «Академик З.Қабдолов» сыйлығының лауреаты (Қазақстан, 2013)

Бекет Мұқанәліұлы «Испытание лука и лиры», «Менің Қазақстаным», «Тюрк и Я», «Скиф и Я», «Слова», «Бейбарс: эпоха и личность», «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы», «Запоздалые стихи», «Рыцарская поэзия казахских жырау», «Почтение земли – поклон Человеку»,  «Дороги, раздумья, итоги» және т.б. көптеген кітаптардың авторы.

1993 жылдан бері Атырау қаласындағы, «Алшы» әдеби-тарихи, мәдени қорының төрағасы, «Наргис» ААҚ Бас директоры, «Атырау-Ақпарат» агенттігінің әдеби қызметкері, академик З.Қабдолов атындағы қор директоры. Күні — бүгін шығармашылық еңбегін жалғастыруда.

TOP-АВТОР