Батырболат Айтболатұлы
Батырболат Айтболатұлы

Батырболат Айтболатұлы 1972 жылы 19 тамызда Орал облысы, Қазталов ауданы, Бостандық ауылында туған. ӘлФараби атындағы ҚазМҰУдың филология факультетін (1995), оның аспирантурасын (2000) бітірген.

1995–1997 жж. Қазақстан Республикасы ҰҒАның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, Қазақ энциклопедиясында жетекші маман, репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорында және «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001), «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилистредактор (2002), «Атлас–2001» баспасында Бас редактор, «Глобус» Баспа үйі» ЖШСнің директорының орынбасары (2001–2004), «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі (2003), «Қазақстан теміржолшысы» газетінде тілші (2004–2006) қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі.

 

2005 жылы «Қазіргі қазақ поэзиясының түрлікбейнелілік ерекшеліктері (1980–1990 жылдар лирикасы әдеби үдеріс контексінде)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1995 жылы «Толқыннан толқын туады» атты студенттер жыр жинағына («ЕрДәулет») бір топ өлеңі енген. Жас ақынжазушылардың халықаралық «СоросҚазақстанДебют» конкурсының жүлдесін жеңіп алған өлеңдер топтамасы арнаулы жинақта (1997, «Жібек жолы») жарияланды. Екі мәрте (1997, 1998) ҚР Президентінің стипендиаты атанды. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына (1997), Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» (А., «Өлке», 2000) енген.

Шығармалары: Мен ғашық қыз. А., «Жазушы», 1996; Көзмоншақ. Астана, «Елорда», 2001.

 

 

 

 

TOP-АВТОР