1988 жылдың 7 қаңтарында Моңғолия Республикасының Бай-Өлке қаласында дүниеге келген. 1992 жылы ата қонысы қазақ даласына табан тіреген. 1994 жылы Біржан сал ауданы, Қасқат ауылында мектеп табалдырығын аттаған. 2005 жылы Ақжар ауданы, Ащыкөл ауылында орта білім бойынша мектепті тәмәмдаған. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың филология факультетінде білім алған. Облыстық, қалалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Өлеңдері «Көкшетау жас ақындар антологиясына», «Тәуелсіздік – тағдырым» атты Көкшетаулық жас ақындар антологиясына және «Жыр маржан» атты қазақ поэзиясының Х томдық антологиясына енген. «Қоңыр мұң» кітабының авторы.