Қайсар Жорабеков – 1947 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында туған. 1963 жылдан 1964 жылға дейін «Коммунизм» кеңшарында еңбек етті. 1969 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін тамамдаған. 1971–1973 жылға дейін Шымкент политехникалық техникумында, 1974–1991 жылы Қазақстан Жазушылар одағында, 1991–1995 жылы халықаралық «Қазақ елі» газетінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында, 1997–2000 жылы «Дәнекер» халықаралық Құқық және бизнес институтында жауапты қызметтер атқарды. 2000 жылдан Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп, зейнетке шықты.
Орыс жазушылары И.Буниннің, Д.Граниннің жекелеген әңгімелерін, В.Поволяевтің «Естеліктен ескен леп» жинағын, «Теңіз беті боз тұман» жинағындағы әңгіме-повестерін, В.Протодьяковтің, С.Даниловтың (Саха Республикасы), Ата Каушутовтың (Түрікменстан) әңгімелерін, сондай-ақ Прибалтика, қырғыз, татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне, 2001 жылы Ә.Ыдырысовтың «Таңшолпан» романын В.Буренковпен бірге орыс тіліне аударған. Он бестен астам кинофильмдер және бес пьеса тәржімалаған. «Абай жолы» эпопеясының жаңа аудармасының жолма-жол нұсқасын дайындауға бастан-аяқ атсалысты.