Айнұр Тұрсынбаева
Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр Тұрсынбаева -  1977 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында туған.

Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық ақындар айтысына, Францияда, Түркияда, Қытайда, Моңғолияда өткен айтыстарда жұртты тамсанта жырлаған.  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына байланысты Алматы қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының  жүлдегері. Астана қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Петропавл қаласында өткен Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығына арналған республикалық  ақындар айтысының бас жүлдегері. Семей қаласында өткен ел егемендігінің 10 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері.Павлодар қаласында өткен Әлкей Марғұланның 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері.Алматы облысы Жамбыл ауданының 80 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Жезқазған қаласында өткен Шымболат Ділдебаевтың 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері.Талдықорған қаласында өткен Бақтыбай Жолбарысұлының  175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында 1 орынға ие болған.

TOP-АВТОР