Әдебиетке 60-жылдардың басынан бастап араласқан. Алғашқы бір топ өлеңі республика жас ақындарының «Жырға сапар» атты жинағында басылды. 1964 жылы «Тұңғыш кітап» атты алғашқы жинағы жарық көрді. «Таңғы сәт» (1966), «Жұлдыздарға жол» (1969), «Сәуір лебі» (1972), «Шынарым-шырайлым» (1974) толғау өлеңдері, «Гүлқайыр» (1976), «Жанартау – жүрек» (1978), «Жібек жел» (1981), «Мың бір түн» (1983), «Салтанатым, шеруім» (1985) атты таңдамалы өлеңдері мен поэмалары, «Үкілі домбыра» (1984) күй жинақтары жарық көрген. Шығыс поэзиясының жұлдыздары – Ә.Рудакидің, Ш.Хафиздің, И.К.Физулидің, сондай-ақ П.Б.Шелли мен А.Блоктың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Мың бір күн» өлеңдер жинағы үшін 1984 жылы (қайтыс болғаннан кейін) Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.