Батырболат Айтболатұлы 1972 жылы 19 тамызда Орал облысы, Қазталов ауданы, Бостандық ауылында туған. ӘлФараби атындағы ҚазМҰУдың филология факультетін (1995), оның аспирантурасын (2000) бітірген.
1995–1997 жж. Қазақстан Республикасы ҰҒАның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, Қазақ энциклопедиясында жетекші маман, репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорында және «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001), «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилистредактор (2002), «Атлас–2001» баспасында Бас редактор, «Глобус» Баспа үйі» ЖШСнің директорының орынбасары (2001–2004), «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі (2003), «Қазақстан теміржолшысы» газетінде тілші (2004–2006) қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі.