Әбдікәрім Ахметов (1924–1983) - 15 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Көктөбе деген ауылында туған. Орта мектептен кейін Жосалы темір жол зауытында темір ұстасының балғашысы, аудандық қаржы бөлімінде есепшікассир болып қызмет істейді. Лепсі педагогикалық училищесін бітірген. Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыған. Ұзақ жылдар (1943–1950) әскер қатарында қызмет еткен ол, әуелі қатардағы жауынгер, кіші командир болды.
1946 жылы Харьковтың әскеримедициналық училищесін бітірген соң, Германиядағы кеңестік қарулы күштер сапында, шекара округінде офицерлік қызмет атқарады. Елге оралған соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы бөлімшелерінде, көркем әдебиет баспасында істейді. Көп жыл бойы «Жазушы» баспасында аға редактор болды. Бірнеше жауынгерлікәскери медальдармен марапатталып, «Баспа озаты» деген құрметті атақ берілген.