(ОНЛАЙН СЕМИНАРДА ПРОФЕССОР З.М.БАЗАРБАЕВАНЫҢ АЙТҚАН СӨЗІ)
Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттыққоғамдық сенім кеңесінің отырысында қазақ тілін реформалау жөнінде айтқан болатын. Тілдік реформа дегенді кең мағынада түсіну керек. Бұл тек кирил негізді әріптерді латын негізді әріптерімен ауыстыру ғана емес,бұл жалпы қазақ тілінің жазуын жаңаша жаңғырту деген сөз.
Қазақ тілін латын графикасына көшіруі – бұл асықпай кезең-кезеңімен орындайтын мәселе. Осы реформаны дұрыс атқару үшін тілдің тарихын, оның диалектикалық дамуын, жазудың теориялық негіздерін білу керек. Фонетика-фонология, орфография мәселелерінен хабардар болу керек. Бізден ертерек латын графикасына көшкен елдердің тәжірибесін де ескеру қажет. Осы проблемалармен шұғылданатын әрине ғалымдар. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлыбұл ұлкен көкейтесті мәселені тілші-ғалымдарға тапсырып отыр.
Тіл дегеніміз әрине, әліпбиден басталады. Әліпби дұрыс жасалса, жазу да сапалы болады. Қазіргі кирилл әліпбиіміз орыс-қазақ әліпбиі. Себебі орыс тіліндегі әліпбидің 33 әріпіне өзіміздің 9 ұлттық әріптер қосылған. Сонда әріптердің саны 42 – ге жетті. Қазақ тіл үшін бұл өте көп, себебі қазақ тілінде тек 28 төл дыбыс бар. Ал әлемдік тәжірибені ескерсек, керісінше әріптердің саны дыбыстардан кем болу керек. Латыннегізді жаңа әліпбиінде қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай келмейтін әріптер болмайды.
Бұл біздіңше өте маңызды реформа, оның практикалық мәні зор. Оқушыға 26 латын әріптерін жаттауға 42 кирил әріптерінен гөрі оңайырақ болады және осы латын графикалыәліпбиге негізделен жазу да түсінікті, өңтайлы және қолжетімді болады. Соңғы әліпбидің кемшіліктері болса да ол қазақ тілінің дыбыс жүйесін толық қамтиды, оған тек кейбір өзгерістер енгізу керек. Сондықтан президентіміз осы әліпбиді жетілдіру мақсатында ғалымдарға тапсырма берген болатын. Біз кәзір осы мәселемен шұғылданып жүрміз және орфография топтың отырысында бұл әліпби жан-жақты талқыланды, кейбір өзгерістер енгізілді. Сонымен жаңа нұсқа бізде дайын.
Тілдік реформа жайында біздің бірінші президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Латын графикасына көшуі қазақ тілінің дамуына және жаңа технологияға бағытталған» деген болатын.
Шынында да латын графикасы прогреске, озат технологияға, өркениетке тікелей жол ашады, жәнежаһандық процеспен тығыс байланысты. Елдердің 70-80 проценті латын графикасын пайдаланатыны белгілі. Сондықтан ақпараттық жүйелер арқылы басқа елдер біздің мәдениетімізбен, тарихымызбен, дәстүрімізбен еркін танысады.
Қазіргі модернизация, инновация, цифровизация заманында латын графикасы арқылы глобальды коммуникацияға кіруге болады және латын жазуына көшкенде еліміздің бәсекелестігі артады, соның нәтижесінде халықаралық дәрежеге шығуына мүмкін тудырады.
Сонымен тілдік реформа ұлттық мәдениетімізбен, тарихымызбен, дәстүрімізбен және жаңа технологиямен тығыз байланысты. Оны рухани жаңғырудың бір негізгі бөлігі ретінде қарастыруға болады.