Нугыманова Камшат Әбілғазықызы -1982 жылы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылында дүниеге келген.
Жетістіктері:
«Әбіш әлемі» және «Жусан исі» атты Республикалық әдеби байқауының арнайы жүлдесін жеңіп алған, сонымен қатар «Балапаным биік ұш» атты республика көлемінде өткен мүшайраның, облыстық бірнеше ақындар мүшайрасының жеңімпазы.
Қазақ-Мажар халықаралық балалар әдебиетіне ортақ платформаға мүше. Ертегілері мажар тіліне аударылған.
«Маңырақтағы мейірімді медбике» атты шығармасы үшін Өскемен қаласында Оралхан Бөкей атындағы республикалық II публицистикалық байқаудың жеңімпазы атанды.
Кітаптары:
«Жоғалған ұйқы» атты балаларға арналған ертегілер мен өлеңдер кітабының авторы.
ШҚО орыс тілді жазушысы Борис Щербаковтың «Шөл әміршісі» атты кітабын қазақ тіліне аударған.
ШҚО әкімдігінің қолдауымен шыққан «Абай әлемі» жобасы бойынша «ЖАС ТОЛҚЫН» топтамасына елуге жуық өлеңдері енген.
«Балдырған», «Дидар» «Тұғырлы Тарбағатай» газет журналдарына өлеңдері басылып тұрады.