Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баян-өлгей өлкесінде дүниеге келген.
1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985–1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973–1975 жж. Баянөлгей аймағында №10 мектепте ұстаз, 1975–1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, 1989–1995 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1995–1998 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы, 1995–1998 жж. Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры, 2001 жылдан Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древнотюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Москва, Улан-Батор, Пекин, Стамбул, Лондон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жарияланды.
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының Құрмет грамотасымен (2001), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.