Шәкен Күмісбайұлы
Шәкен Күмісбайұлы

1943 жылы 17 қазанда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған. 1965 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Өз ауылында мұғалім, республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Қазақ елі», «Ана тілі» газеттерінде әдеби қызметкер, республикалық «Бала би», «Айгөлек» журналдарында жауапты хатшы, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов мұражайында бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір «Балалар әдебиеті» баспасында бас редактор болып қызмет етеді.

Алғашқы әңгімесі «Жеңеше» деген атпен 1965 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінде жарияланған. 1971 жылы, 1975 жылдар екі мәрте балалар мен жастарға арналған «Жалын» бәйгесінде жүлдегер болған. «Филипп Морисс», «Астана – Бәйтерек» сияқты балаларға арналған әдеби конкурстарында бас бәйге, «Балауса» бәйгесінде екінші орын алған. 1983 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, кейінде басқарма мүшесі болды. 2008 жылы «Солақай» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Халықаралық «Дарабоз» бәйгесін ұйымдастырушысы. «Жүректен жүрекке» атты ұлттық журналистер мен ақпарат құралдары байқауының бас бәйгесін алып, «Қазақ тілді баспасөздің үздік журналисі» атанған.

Жеке әңгімелері украин, орыс, белорус, монғол, неміс, ағылшын тілдеріне аударылған топтама жинақтарға енген. 2008 жылы қазақ балалар жазушыларының «Балалар бағының бағбандары» атты анықтамалық жинағын құрастырған. Алматы облысы, Ақсу ауданының «Құрметті азаматы». «Қазақстан Республикасына 20 жыл» медалімен марапатталған. Кітаптар тізімі төменде жарияланып отыр.

1. Ақсақ шал (1972) – «Жазушы» баспасы

2. Тау жолдары (1977) – «Жалын» баспасы

3. Соқ барабан (1979) – «Жалын» баспасы

4. Таудағы жазу (1983) – «Жалын» баспасы

5. Кішкене шал (1989) – «Жалын» баспасы

6. Қаладағы келін (1989) – «Жалын» баспасы

7. Қарқуыстың желі (1990) – «Жалын» баспасы

8. Атамның аманаты (2001) – «Фолиант» баспасы

9. Қайсар бала (2003) – «Таймас Принтхаус» ЖШС

10. Бір арқа отын (2002) – «Өлке» баспасы

11. Айдын көлдің қулары (2004) – «Балалар әдебиеті» баспасы

12. Жапандағы жалғыз (2007) – «Балалар әдебиеті» баспасы

13. «Солақай» (2005) – «Балалар әдебиеті» баспасы

14. «Итталас» (2004) – «Балауса» баспасы

15 «Қалам мен дәптер» (2006) – «Аруна» баспасы

16. «Бейтаныс заттар дауы» (2007) – «Аруна» баспасы

17. «Табиғат – ана» (2007) – «Аруна» баспасы

18. «Шатақ шырпы» (2006) – «Аруна» баспасы

19. Жұмбақ әңгімелер (2006) – «Аруна» баспасы

20. Таң нұрында туған ұл (2010) – «Кітап» баспасы

21. Түнгі текетірес (2008) – «Баянжүрек» баспасы

22. Қаракерей Қабанбай (2006) – «Аруна» баспасы

23. Шақшақұлы Жәнібек (2005) – «Аруна» баспасы

24. Қанжығалы Бөгенбай (2005) – «Аруна» баспасы

25. Райымбек батыр (2006) – «Аруна» баспасы

26. Раимбек – батыр (2006) – «Аруна» баспасы (орыс тілінде)

27. Шытырман (2002) – «Өркениет» баспасы

28. Балалық шақ – бал дәурен (2011) – «Балалар әдебиеті» баспасы

29. Балалар бағының бағбандары (әдеби анықтамалық)

(2008) – «Балалар әдебиеті» баспасы

30. Қошақаным қайда екен? (2014) – «Моlia & POC» баспасы

31. Дөңгеленген дүние-ай (2014) – «Әдебиет әлемі» баспасы

32. Ызғырық соққан жыл (2014) І-том – «Балалар әдебиеті» баспасы

33. Солақай (2014) ІІ-том – «Балалар әдебиеті» баспасы


Танымдық деректер кітабы

34. Тұңғыштар (2007) – «Алматыкітап» баспасы

35. Они были первыми (2007) – «Алматы» баспасы

36. Мамания (1999) – – «Атмұра» баспасы

37. Шапағатты шырақ (2002) – «Үш қиян» баспасы

38. Қазақтың Нобелі (2007) – «Баянжүрек» баспасы

39. Дос – Мұқасан (2007) – «Өнер» баспасы

40. Жұмақ мекеннің жұлдыздары – «Арыс» баспасы

41. Бейбарыс сұлтан (әдеби өңделген) – «Аруна» баспасы


Поэзиядан прозаға айналдырған кітаптар:

42. Қобыланды батыр (2005) (ағылшын тіліне аударылған) – «Алматыкітап» баспасы

43. Ер Тарғын (2007) – «Алматыкітап» баспасы

44. Қозы Көрпеш – Баян сұлу – «Алматыкітап» баспасы

45. Алпамыс батыр (2006) ағылшын тіліне аударылған) – «Алматыкітап» баспасы


Аудармалар:


46. АбдужаббаровАбдугаффор – Орыс стилінен аударылды «Пісте сатқан бала» 2012 – «Киізкітап» баспасы


Жекелеген кітаптарға енген шығармалар:

47. Залаты Каравай – Минск «Юнацтва» баспасы

«Три батыра (1988)

48. Байгазы

«Три богатыра» әңгімесі (орыс тілінде (1987) – «Жалын» баспасы

49. Өзіұшар» (1990) – «Жалын» баспасы

«Қасқыр мен ит» ертегісі

50. Шапағат (2004) «Дайрабайдың домбырасы» әңгімесі – «Өлке» баспасы

51. Отанымның тәуелсіздігіне тарту

«Өмір өзен» әңгімесі – «ALAN-Media» баспасы

52. «Қайда сол үшқара»

«Ұлағатты ұстазым еді» – «Баянжүрек» баспасы

53. «Етжеңді», «Егемен Қазақстан» (2004) – Егемен Қазақстан» ААҚ.

«Биағаның інісі» әңгімесі

54. «Бақыт бағы» (1979) – «Жалын» баспасы

55. «Атамның алтыны» әңгімесі

TOP-АВТОР