Чезаре Павезе
Чезаре Павезе

Че́заре Паве́зе (итал. Cesare Pavese, 9 қыркүйек 1908, Санто-Стефано-Бельбо, Пьемонт — 26 тамыз 1950, Турин) — итальяндық жазушы және аудармашы.

Турин университетінде ағылшын әдебиетін оқыған, Уитмен шығармашылығы бойынша диплом қорғаған. Америкалық әдебиеті туралы мақала жазған, Дефо, Диккенса, Мелвилла, Джойса, Ш. Андерсона, Г. Стайн, Фолкнера, Дос Пассосаны аударған. 1932-1935 жылдары отбасының айтуымен фашисттік партияға кірген, дегенмен антифашисттік жұмыстар жүргізген. 1935 жылы тұтқындалған, партиядан шығарылған, сегіз айға Калибрияға айдалған. Соғыс кезінде әскерге шақырылған, ауыр демікпесі үшін ауруханада жарты жылдай өткізген, ол жарамсыз деп танылған. Соғыстан кейін Итальяндық коммунист партиясына кірген, «Унита» газетінде қызмет істеген. Римде, Миланда, Туринде тұрған, «Эйнауди» баспасында жұмыс істеген. Американдық киноактрисасы Констанс Доулингті сүйіп, махаббат азабынан ажырасқан(ол соғыстан кейін Италияда бірнеше жыл өмір сүрген және итальяндық кинога түскен). 1950 жылдың 26 тамызында туриндық «Рома» атты қонақ үйінде шамадан тыс ұйықтататын дәрі ішіп, өзіне қол жұмсаған. Өзінен кейін қалдырған хатта: «Бәрін кешірем және бәріңізден кешірім сұраймын. Мен туралы аса көп өсектемеңдер».

TOP-АВТОР