Манн Томас (Mann, Thomas) (6 маусым 1875 жыл, Любек — 12 тамыз 1955 жыл, Цюрих маңы), 20 ғасырдың ең ірі неміс романшысы болып саналған.
Конторадағы қысқа мерзімге созылған жұмысынан кейін үлкен ағасы Генрих (1871-1950) тәрізді өзін жазушылық жұмысқа арнады. Оның алғашқы романы «Будденброки» (1901) көне буржуазиялық рақымшыл адамдарға арналған элегия болды. «Смерть в Венеции» (1912) атты көңілсіз шедеврінде күйреген қоғамдағы суретшінің алдында тұрған трагедиялық дилемманы көтерді. Әйтсе де, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында албырт патриот болған, 1919 жылы көзқарасын біртіндеп авторитарлы неміс мемлекетіне ауыстырды. «Волшебная гора» (1924) атты тамаша романы Ағарту принципінің өзі үшін күрделі көп аспектілі бүтіннің бір бөлігі ретінде қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Нацизмнің айқын қарсыласы, А.ГИТЛЕРДЕН Швейцарияға қашты; 1938 жылы АҚШ-қа орналасты, бірақ 1952 жылы Швейцарияға оралды. Оның «Иосиф и его братья» (1933—43) тетралогиясында інжілдегі Иосиф сипатталады. Анағұрлым айқын саяси романы «Доктор Фаустус» (1947) неміс ықыласының күңгірт аспектілерін саралайды.
«Признания авантюриста Феликса Круля» (1954) қызықты кітабы аяқталмай қалды. Терең ойлы стилімен, әзіл-қалжың, келеке, әжуа-сықағымен және өзінің зияткерлік мүмкіндіктерінің талғаулығымен ерекшеленеді.
Эсселері Л.Н.Толстой, 3.ФРЕЙД, И.В.ГЁТЕ, Ф.НИЦШЕ, А.П.ЧЕХОВ және Ф.ШИЛЛЕР сияқты тұлғаларға арналған. 1929 жылы әдебит бойынша Нобель сыйлығына ие болды.