Алтыншаш Жағанова
Алтыншаш Жағанова

Жағанова Алтыншаш 1945 жылы 23 желтоқсанда Ақмола облысының Астрахань ауданында туған. М. Горький атындағы әдебиет институтын бітірген (1974). Комсомол органдарында, «Қазақстан» және «Жазушы» баспасында жұмыс істеген.

1976–1986 жж. «Жаңа фильм» журналының бас редакторы, 1986–1988 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында жауапты қызмет атқарды.

1990–1994 жж. республикалық «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1995 жылдан «Қазақстан дәуірлеу партиясының», 1998–2004 жж. ҚР Көшіқон және демография жөніндегі агенттігінің төрайымы болды.

«Әмина, қасқырлар және ақырзаман» (1967), «Ақ қоян – Құмай тазы» (1968), «Еркетотай» (1972), «Тентектер» (1974), «Эхо по кругу» (1976), «Шалунья» (1983) атты әңгіме, повестердің және «Бәрі де анадан басталады», «Нөсер», «Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел», «Жан алқымда», «Обыр», т.б. пьесалардың авторы.





TOP-АВТОР