Александр Реймген (1916–1991) 18 қарашада Қырым облысының Қызыл гвардия ауданында туған. Феодосия педагогикалық техникумын бітірген. Мұғалім, көркемдеуші суретші болып қызмет істеді. Мәскеудің шет тілдері педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген.
Алғашқы очерктері мен өлеңдері 1936 жылы «Неміс орталық газетінде» (Мәскеу) жарық көрді. Поэзиялық және прозалық бірнеше кітаптары Мәскеу мен Алматы баспаларынан шықты. Шығармалары: "Рядом с тобой друзья" Очерки. А., «Қазақстан», 1970; "Люди с нашей стороны" Стихи и проза. М., «Советский писатель», 1973; "И ни шагу назад" Проза. М., «Советский писатель», 1976; "Соленые тропы" М., «Советский писатель», 1979; "Последняя рана" Проза. М., «Советский писатель», 1978.