Айтмағанбет Құдайбергенов (1930, Маңғыстау ауданы, Қызық ауылы – 1980, сонда) – жазушы.
Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң орта мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеген.
«Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен»), тағы басқа мерзімді басылымдарда («Балықшының баласы», «Махаббат сарайы», «Қуанышты қайдан іздейді?», «Мұғалімнің қызыл сиясы», «Ер кезегі үшке дейін», «Төтенше комиссардың төрт аптасы», тағы басқа ) әңгіме, драма, повестері жарияланған. 1956 жылы Маңғыстау ауданы халық театрын ұйымдастыру жұмысына қатысты. А.Құдайбергеновтың «Ақбөбек» атты шығармалар жинағы Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» (2009) баспасынан жарық көрді.