Аблиз Һезим
Аблиз Һезим

Аблиз Һезим 1935 жылы Құлжада (ҚХР) туған.

1960 жылы Шыңжаң педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1963 жылы Кеңес Одағына көшіп келді.

1991 ж. «Уйғур авази» газетінің қосымшасы «Йеңи һаят» газетінде тілші, 1991–1996 жж. аралығында «Арзу» журналында балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болған. Қазір – зейнеткер.

1971–1995 жж. «Ой ұшқындары» (мысалдар), «Ойлан, тап» (жұмбақтар), «Тас пен тамшы» (мысалдар), «Тоқсан тоғыз жұмбақ» (жұмбақтар), «Теріс кірпік» (мысалдар, сықақ, өлеңдер), «Қоңырау» (балаларға арналған тақпақтар, сөз ойындары, жұмбақтар, ертегілер және т.б.), «Күнгей мен теріскей» (мысалдар, сықақ, өлеңдер) сияқты кітаптары, «Тағдыр», «Ишаншы», «Ғарыштағы төңкеріс» деп аталатын драмалық дастандары жарық көрген.

2004 жылы «99 тепишмақ» және «Қызықты сөз ойындары» кітаптары шықса, 2005 «Біздің ғасыр» көп томдығының 3 томы, 2008 жылы 4-5 томдары баслып щықты. «Ильһам» сыйлығымен марапатталған.
TOP-АВТОР