Шәмшия Жұбатова - 1958 жылы 27 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы стансасында туған.
ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. Атырау облысы, Новобогат аудандық «Нарын таңыл газетінде, «Ана тілі» газетінде, «Жалын» альманахында қызмет еткен. «Бастау», «Балауса», «Жетіген» («Жалын») ұжымдық жинақтарына өлеңдері енген. 1995 жылы осы баспадан «Махаббат кітабы» атты жеке жинағы жарық көрген.