Қарлығаш Әубәкірова
Қарлығаш Әубәкірова

Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы (1986 жылы ШҚО, Шар ауданы, Көшек ауылында дүниеге келген) – филология мамандығы бойынша философия ғылымдарының PhD докторы, ақын. 2003 жылы Шәкәрім атындағы 5 мектеп-гимназиясын (Семей), 2007 жылы Семей педагогикалық институтын (бакалавр), 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (магистратура), 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторантурасын тәмамдап, «Жүсіпбек Аймауытұлының аудармалары: түпнұсқа және мәдени-көркем ықпалдастық» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Бірнеше мәрте республикалық және халықаралық ақындар айтысының жүлдегері. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де доцент(2015-2018), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарған(қазіргі таңда да аталмыш оқу орнында қызмет етеді). Ж.Аймауытұлының С.Чуйковтан тәржімалаған«Тау еліндегі оқиға», К.Берковичиден «Тұқым», П.Дудоровтан «Молла Ирамидың кітап жазуға қалай кіріскені туралы», Гюгодан «Бейшаралар» сынды аудармаларын алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп, алаш аудармасына қатысты 30-ға жуық зерттеу мақалаларын жариялаған. Сондай-ақ, Сан-Диего мемлекеттік университетінде (АҚШ, Калифорния штаты), Орталық ұлттар (Минзу) университетінде (Қытай, Бейжің), РФ Химки мұрағат қорында іс-тәжірибеден өткен. Отбасын құрған, төрт баланың анасы.

TOP-АВТОР