Ян Вон-Сик
Ян Вон-Сик

Ян Вон-Сик (1932–2005)

19 мамырда Солтүстік Корей Републикасының Андю қаласында туған.
1953 жылы КНДР мемлекетінің жолдамасымен Мәскеу қаласына келген.

1958 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) бітірген соң, отанына қайтпай, саяси эмигрант болып Кеңестер Одағында қалған.

1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1958–1960 жж. Волгоград қаласының теледидарында кинорежисер-оператор болып істейді.

1960–1984 жж. «Қазақфильм» киностудиясында режиссер-оператор, 1984–1993 жж. республикалық «Ленин кичи» атты корей газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1993–2000 жылы республикалық «Корей Ильбо» газетінде бас редактордың орынбасары, бас редакторы, кейіннен кеңесші қызметтерін атқарған.

1979 жылдан КСРО кинематографистер одағының мүшесі. Философия ғылымдарының кандидаты (1996).

Абайдың қара сөздерін, Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабын корей тіліне аударған.

Шығармалары: Земля отцов. Стихи. А., «Жазушы», 1988; Родина счастья (корей тілінде) А., «Жазушы», 1988; Звено нежности. Сборник рассказов. «Ғылым», 1994; Лунное послание. Стихи. А., «Дәуір», 1998.
TOP-АВТОР