Э́дгар А́ллан По (англ. Edgar Allan Poe; 19 қаңтар 1809 жыл — 7 қазан 1849 жыл) — американдық жазушы, ақын, әдеби сыншы және редактор, амеракдық романтизм өкілі болып табылады. Өзінің түніреңкі әңгімелерімен танымал болған. Қазіргі заман детектив нұсқасын құрушы. Эдгар По шығармашылығы ғылыми фантастика жанрдың құрылуына негіз болды.