Шарифолла Сәниев - 1933 жылы 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының Сайқұдық ауылында дүниеге келген.
1951 жылы Стерлитамак қаласында авиация кіші мамандарын даярлайтын мектепті бітіріп, самолет жабдығының электр жүйесін жөндеуші, ауылда жүргізуші, тыңда жұмысшы, Жымпиты аудандық «Қызыл ту» газетінде тілші, баспахана меңгерушісі болған. 1978 жылы Алматының полиграфия комбинатында, содан соң №2 автобус паркінде зейнетке шыққанша еңбек еткен. «Құлыншақ» журналында жауапты хатшы қызметін атқарды.
1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деген жалпы жинаққа бір топ өлеңі енген. Содан бері қарай «Сапар» (1971), «Бір тілім ай» (1989), «Еркелер мен серкелер» (1991) атты жеке жинақтары жарық көрген.