Тұрсын Жұмаш 1959 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы ,Егіндібұлақ селосында дүниеге келген.
Егіндібұлақ селосының орталығындағы орыс мектебін тәмамдаған, бірақ өлеңдерін өзінің ана сүтімен дарыған туған тілінде жазды, тамаша жырларымен оқырмандарының махаббатына бөлене білді. Т.Жұмаш шыгармашылығына Ж. Нәжімеденов, Е. Раушанов, С. Ақсұңқарұлы сияқты белгілі ақындар жоғары баға берді.