Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы - 1953 жылы 20 шілдеде Семей облысының Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. 1994 жылы Семей педагогика институтының филология факультетін бітірген. «Абай ауылы» газетінде, Абай мұражайында жұмыс істеген. «Ақшам хаттары», «Рауан», «Қас Сақ Аңқымасы» атты т.б. жыр жинақтарының авторы. 1993-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жазушылар Одағы ұйымдастырған ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. «Ақшам хаттар» (1990), «Рауан» (2000) жыр жинақтарының авторы. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Қас Сақ Аңқымасы» атты философиялық еңбегі шықты.




TOP-АВТОР