Гүлжауhар Сейітжан
Гүлжауhар Сейітжан

Гүлжауhар Сейітжан 1947 жылы 24 қазанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниге келген. 1954 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Орта мектепті Семей облысының Таскескен селосында үздік аяқтаған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдаған.

1971–1990 жылдары Ақтау қалалық теледидарында редактор, облыстық газетте бөлім меңгерушісі, 1990–1999 жылдары «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, Маңғыстау облыстық әкімшілігінде кеңсе меңгерушісі, ақпарат басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен жарық көрген (1978). «Ақерке» (1981), «Үміт жағалауы» (1985), «Жолайрық» (1986), «Гүлайым» (1987), «Маңғыстауым – ғұмырымның арнасы» (1997), «Жаңаөзен оттары» (2000), «Маңғыстау мұнайшылары» (2002), «Жер ана перзенттері» (2008), «Жүректегі жазулар» (2009) атты кітаптардың авторы. Маңғыстау өңіріне кең тараған ондаған әндердің сөзін жазған. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік дипломмен марапатталған.



TOP-АВТОР