Бейбіт Шегебайұлы Сарыбай 1983 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
«Парасат», «Алматы ақшамы», «Дала мен қала», «Алаш айнасы» сияқты көптеген республикалық басылымдарда және «Қазақ радиосында», «Ел арна» телеканалында қызмет атқарған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында балалар және жастар әдебиеті бөлімінде кеңесші. .