Балтабек Нұрғалиев
Балтабек Нұрғалиев

Балтабек Нұрғалиев – 1990 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі. Мамандығы – режиссер.

2010-2011 ж – Алматы қаласында өткен Республикалық сахна өнері саласындағы студенттер олимпиадасында «Режиссура» мамандығы бойынша «үздік қойылымдары үшін» екі мәрте 1-орын және Гран-При иегері атанды.
2011 ж – Мәскеудегі Ресей театр өнері университетінде (ГИТИС) өткен «Сахналық атмосфера» атты Халықаралық режиссерлар байқауында «Шығармашылық құштарлығы және үздіксіз ізденісі үшін» Гран-При иегері атанды.
2011 ж – Мәскеудегі «SounDrama» театр студиясының көркемдік жетекшісі, режиссер В.Панковтың және де Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік театр өнері академиясының ұстазы, «Арт-Тренинг» орталығының президенті Е.Кузинаның актерлық шеберлік сабақтарына қатынасқан.
2012 ж – Берлиндегі «Akt-Zent» театр өнерін зерттеу орталығы директоры, профессор Ю.Альшицтің шеберлік сабақтарында дәріс алған, әрі режиссер ассистенті болған, білім сертификатының иегері атанды.
2012 ж – Тараз қаласында өткен Республикалық «Дебют» байқауында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қ.Жетпісбаев атындағы дипломның иегері атанды.
2013 ж – Ақтөбе қаласында Халық жазушысы Т.Ахтановтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген 21-Республикалық театр фестивалінде «Үздік режиссерлық дебют» номинациясының иегері атанды.
2013 ж – Мәскеу қаласындағы Ресей театр өнері университетіне (ГИТИС) магистратураға ақысыз негізде оқуға түскен тұңғыш қазақ театр режиссері атанды.
2014 ж – Р. Мұқанованың пьесасы бойынша қойған «Шатыр астындағы Мен» атты спектаклімен Астанада гастрольдік сапар өткізді. Қазақ Ұлттық Өнер Университеті және Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті сахналарында өнер көрсетті.
2008 ж – Астана қаласында өткен Шығармашыл жастардың ХІ Халықаралық «ШАБЫТ» фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» номинациясының «Поэзия» түрі бойынша М.Мақатаев атындағы диплом иегері атанды.
2011 ж – Мәскеуде өткен «Журавли над Россией» атты Ұлы Отан соғысындағы халықтар ерлігіне арналған Халықаралық ақындар байқауының ІІ-дәрежелі лауреаты атанды.
2012 ж – Астана қаласында өткен Шығармашыл жастардың XV-Халықаралық «ШАБЫТ» фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» номинациясының «Поэзия» түрі бойынша «Сегізінші нота» жыр жинағы үшін Гран-При иегері атанды.
2013 ж – Астана қаласында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының Республикалық «АҢСАР» әдеби байқауының «Поэзия» номинациясы бойынша лауреаты. «2013 жылдың үздік ақыны» атағының иегері атанды.

TOP-АВТОР