Анахарсис
Анахарсис

Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен белгі-лі сақ ғұламасы. Анахарсис – патша тұқымынан шыққан ханзада, анасы – эллиндік. Анахарсис Эл-линде сол кездегі белгілі білім мен өнердің барлық саласын меңгерген. Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған. Платон «Мемлекет» деген еңбегін-де Анахарсисті Гомер, Фалеспен қатар қойса, «Прота-гор» деген туындысында əлемдегі «жеті ғұламаның» бірі деп таныған. Анахарсис Афинада əйгілі кемеңгер Солонмен жақын дос болған. Анахарсис есімі Аристо-тельдің «Аналитикасының» 2-кітабында, «Никомах эти-касында» аталады. Секет Эмпирик Анахарсис дүниета-нымына талдау жасай келе оны скептик деп көрсетеді. Анахарсис туралы мол мағлұмат Лукианда да беріледі. Анахарсистің көркем бейнесін Плутарх жасаған, оның «Жеті ғұлама сауығы» аталатын еңбегінде Фалес, Со-лон, Периандр, Питтак, Биант, Хилон, Клеобулдармен қатар Анахарсис те аталады. Анахарсис есімі Мишель Монтенің «Тəжірбиелерінде» екі жерде аталады.

Диоген Лаэртскийдің «Атақты философтардың өмір-лері, ілімдері, нақыл сөздері» аталатын кітабында Ана-харсис айтты деген афоризмдер келтіріледі. Оның дерегі бойынша, кеменің зəкірін, шығырлы дөңгелекті Ана-харсис ойлап тапқан. Кемеңгер Анахарсистен қалған: «Басқа пəле – тілден», «Қайырсыз мың достан адал бір дос артық», «Базар – адамдардың бірін-бірі алдап-арбап, ұрлап-жырлауы үшін əдейі жасалған орын», «Эллада-лықтар қызық осы, мұнда сөзді ақылдылар айтады да, ал мəселені ақымақтар шешеді» деген, т.б. даналық сөз-дер бүгінге жетіп отыр. Анахарсис «өлі көп пе, тірі көп пе?» деген сұраққа «Ал теңізде жүзіп жүргендерді қай-сысына қосамыз» деп қайыра жауап берген екен. Ана-харсистің шешендігін мойындағанның белгісі ретінде Афина зиялы қауымында «Скиф осылай сөйледі» деген мəтел тараған. Анахарсистің өмірі өз елінде аяқталған, Лукианның айтуынша, оны өз туысы атып өлтірген. Өлім аузында жатқан Анахарсис: «Элладада мені ақы-лым сақтаса, туған жерімде қызғаныш құрбаны бол-дым» деген екен. Анахарсис жазған 800 жолдай өлеңнің біразы «Латын антологиясы» атты неміс тілінде жарық көрген жинақта жарияланған. Ұлы ғұлама дойбы ойынын, қыш құмыра жасайтын аспап жəне кеме зəкірін (якорь) ойлап тапқан деген де деректер бар. Анахарсис афоризмдерінен далалық ойлау жүйесінің табиғатына тəн ерекшеліктер айқын аңғарылады:


Тіл туралы

Жақсылық та – тілден, жамандық та – тілден.

Асыл сөз туралы

Сый – жеңгендікі, сөз – тергендікі.

* * *

Жалған сөз – желге ұшқан сөз.

Мінез-құлық туралы

Ақымақтардың арасында ақылды болу да – ақымақтық.

* * *

Ашуланған адам алдымен өз басына жамандық тілеп алады.

Достық туралы

Даланың заңдары тек достық пен бауырластыққа негізделген.

Ақыл-ой туралы

Ақыл атасы – ақиқат.

Дін, иман туралы

Скифтер де құдайларға құлшылық ете ме? – Иə, біз де жасағанға құлшылық етеміз. Тек біз онымен адамша сөйлесеміз. Эллиндіктер сияқты сүйек пен қарағай үні адам тілінен ұғынықты деп есептемей-міз.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы жасалған құмырсқаның илеуі мен құстың ұясы да жайлы мекен, жақсы тұраққа жатады.

Адамгершілік туралы

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту – үй иесінің борышы.

Адам өмірі туралы

Бұл дүниедегі алыптың алыбы – дүниенің өзі.

Тəлім-тəрбие, өсиет, тағылым туралы

Маскүнемдікке салынып кетпеу үшін ұсқынсыз ішкіш бейнесін ұдайы көз алдыңда ұстаған жөн.

Уақыт туралы

Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ.


TOP-АВТОР