Эльмира  Қалжанова
Эльмира Қалжанова

Эльмира Қалжанова Шакизадақызы, 1975 жылы қарашаның 2 күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Түркияда 1997 жылы Мармара университетінің Түрік тілі және әдебиеті кафедрасында бакалавр, 2000 жылы Ыстамбұл университетінің Көне түрікі тілі кафедрасында магистртратура, 2005 жылы Мармара университетінің түрік тілі кафедрасында докторантура (PhD) бағдарламаларын бітірген.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нде Түрік тілі пәнінің оқытушысы, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінде хатшы, аудармашы, Елшінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда «Champion Group Transport Tourism» АҚ-нда директордың орынбасары қызметін атқарады.


Аудармалары:

- Әділбек Бегедаев «Қазақстан. Мемлекеттің тарихи даму диаграммасы» оқу құралы (Алматы, 2009)

- Төлен Әбдік «Әке» повесі (Анкара, 2014)

- Сейдін Бизақов «Түбі бір түркілер» (Анкара, 2014)

- Мархабат Байғұт «Дауыстың түсі» әңгімелер жинағы (21 әңгіме. Анкара, 2015)

- Бексұлтан Нұржекеұлы «Бір өкініш, бір үміт» романы (Анкара, 2016)

- Қойшығара Салғараұлы «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» (баспаға дайындалуда)

-Жансейіт Түймебаев, М. Ескеева «Түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері» (А. Маемеровамен бірге, баспаға дайындалуда).

TOP-АВТОР