Темірақын Жақыпов
Темірақын Жақыпов

Жақыпов Темірақын 1952 жылы 20 мамырда Қытай Халық Республикасының Сүйдін қаласында туған.

1973 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. Институт жолдамасымен Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Шарын орыс-қазақ-ұйғыр орта мектебіне мұғалімдік жұмысқа орналасқан.

Әр жылдары газетжурнал редакцияларында корректор, редактор, бөлім меңгерушісі, аудармашы, жауапты хатшы, бас редактор болып қызмет еткен. «Қазақпарат» баспа корпорациясында редактор, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында аударма және дубляж бөлімінде қызмет атқарған.

Белгілі жазушы Болат Жандарбектің «Сақтар» атты тарихи романдилогиясын қазақ тіліне аударған. Беларус балалар жазушылары Василь Витка, Леонид Леванович, қырғыз жазушысы Аман Нааматов, молдаван жазушысы Ариадна Шаларь сияқты қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. «Қарлығыш», «Жыр тәңірі», «Күміс күйме» сияқты бірнеше жыр жинақтарға топтама өлеңдері енген. «Нарық натюрморттары» (1997), «У мен Дерт» (1998), «Жаншуақ» (2000) жыр жинақтарының авторы. «СоросҚазақстан» Халықаралық Қоры жариялаған «Қазақ әдебиеті» – 2000» байқауының жеңімпазы. Бірнеше республикалық мүшәйралардың жүлдегері.


TOP-АВТОР