Qalamger.kz::-Қаламгер порталы
ЖАҢАЛЫҚТАР
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БЕЙНЕБАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы мен «Qazaq mektebi» республикалық әдістемелік-танымдық журналы бірлесіп, осымен үшінші мәрте республикалық «АБАЙ ОҚУЛАРЫН» өткізіп отыр. Елдегі жағдайға қарамастан, оқушыларды дайындап қатыстырып жатқан барша ұстаздарға, және ата-аналарға өз алғысымызды білдіреміз.

Өкінішке қарай, видео жібергенде фонына қойылған  музыкаға байланысты, канал біраз қатысушылардың жұмысына авторлық құқық заңнамасы бойынша блок қойып тастаған екен.  Келесі байқауларда қатысушылар осы жағдайды ескерсе екен.

 

Бұл байқауда қазылар алқасы қатысушылардың

-тіл тазалығына;

-өлең таңдауына;

-жырды мәнерлеп, мүдірмей жатқа оқуына;

-өлеңнің сөздерін қатесіз жаттауына мән берді. 

 

Сонымен, қазылардың шешімі бойынша жеңімпаздар тізімімен таныс болыңыздар:

 

І орын – Мұратбеков Айдос

ІІ орын – Болатбек Ақтолқын

ІІІ орын – Турсунова Жанэль

                      Тұрлыбекұлы Нұрислам

 

Арнайы сыйлық:

Жилқайдар Маржан

Жұмаханұлы Мұхамеджан

Жұмабай Қосман

Шоканова Наргиза 

Қадылбекқызы Жәзира

 

Арнайы сыйлық иегерлері Qalamger.kz баспасы ұсынған кітаптармен марапатталады. Қатысушылардың мадақтамасын төмендегі сілтеме бойынша жүктеп алуға болады немесе Whatsapp: 8747 409 1542 номеріне почталарыңызды, аты-жөндеріңізді жазсаңыздар жібереміз.

Жеңімпаздарға да жоғарыдағы номерге жазуды сұраймыз.