ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мен әдемі жазамын» көркем жазу байқауы мәресіне жетті

 

«Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналы 1-сыныптар арасында ұйымдастырған «Мен әдемі жазамын» көркем жазу байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауға қатысқан барша оқушыларға және жетекшілеріне өз алғысымызды білдіреміз. Ата-аналардың сұрауы бойынша 24 ақпаннан бастап «Мен жазуды үйрендім» атты тек бірінші сыныптар арасында II Республикалық көркем жазуы басталатынын ескертеміз.

Сондай-ақ бір жарна төленген чекті бірнеше рет қайталап, әр оқушының атынан жіберген 12 қатысушының жұмысы, редакцияның қызметкерлеріне этикалық нормаларға жатпайтын сөздер жазғаны (айтқаны) үшін 7 қатысушының  жұмысы байқаудан автоматты түрде шеттетілді.

Жалпы, біздің барлық байқауларда арнайы ереже бар. Қатысардан бұрын, ережемен толық танысуларыңызды сұраймыз.

 

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

 

І орын – Жанарыс Болат

ІІ орынЖамалатдин Дана

                Алауов Азизбек

                Исаев Омар

ІІІ орын

Әуелхан Жанайым

Нурдаулет Айым

Русланқызы Жанайым

Еркінқызы Ақерке

Мұхтарбек Қайсар

Жұмағали Жанерке

 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, жұмыс күні редакцияға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қатысқан барлық оқушылар арнайы дипломдарын төмендегі сілтеме (суреттің үстінен басу) арқылы өтіп, жүктей алады!