Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырған Республикалық «Мемлекет рәміздері - ел мақтанышы»» атты жас суретшілер байқауының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз. Қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегі 3 оқушы жүлдегер ретінде танылып, дипломдарымен қатар, атаулы сыйлықтарға ие болды.
Ал редакция шешімі бойынша оқу жылының аяқталып жатқанына байланысты қалған қатысушылардың барлығына 3-дәрежелі дипломдар (жүлдесіз) берілетінін қосымша хабарлайды.
1-орын (смарт сағат)
Садыхова Жансая
2-орын (смарт браслет)
Азатқызы Сабина
3-орын (наушник)
Руслан Али
Сондай-ақ, ең көп лайк жинаған қатысушы Мейрамғали Айкөркем редакцияның арнайы сыйлығына ие болды.
Барша қатысушыларға өз алғысымызды білдіреміз.