ЖАҢАЛЫҚТАР
МАД ЖӘНЕ 1-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН КӨРКЕМ ЖАЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналының ұйымдастыруымен МАД тобы мен 1-сыныптар арасында өткен Республикалық «мен жазуды үйрендім» атты көркем жазу байқауы өткен болатын. Байқауға қатысқан барлық білім алушыларға, жетекшілерге және ата-аналарға өз алғысымызды білдіреміз!

Түскен жұмыстарды қарауға арнайы құрылған қазылар алқасы мен тәуелсіз жюри ретінде тәуелсіз 3 мұғалім өз еркімен ат салысты. Нәтижесінде жазулары каллиграфиялық талаптарға сай төменгі оқушылар үздік деп танылды.

I орын: Анарбай Аяулым

 II орын: Сарсенова Аселя

Аманжан Кәусар

 III орын: Серікболқызы Кәусар

 Әбілғазы Рамазан

 

Сондай-ақ, байқау барысында белсенді болып, ең көп лайк жинаған Бирмағамбет Алдияр (1300) редакцияның арнайы сыйлығына ие болады.

Барлық қатысушыларға мадақтама беріледі. Мадақтаманы төмендегі сілтемеге кіріп (суреттің үстін басу арқылы) алфавит бойынша қарап, жүктеп алуға болады.

Сонымен қатар, 4 оқушыдан жоғары қатыстырған жетекшілерге ғана алғыс хат беріледі. Оқушылар тізімі мен жетекші өзінің аты-жөнін ватсапқа жазып жіберу керек.