ЖАҢАЛЫҚТАР
«ӨЛЕҢ МЕН ӨРЕН» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ


«Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналы  қазіргі балалар әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын насихаттау  мақсатында ұйымдастырған республикалық «өлең мен өрен» әдеби байқауын ұйымдастырған болатын. Қазіргі қалам ұстап жүрген жас қаламгерлерді де, негізгі тізімге қосып, қатысушыларға ұсынған болатынбыз.

Өкінішке қарай, байқауға қатысушылар жаңа автордардың өлеңдерін жаттау жағынан қалыс қалды. Абай,Мұқағали, Фариза сынды ақындардың ғана бұрыннан жаттап жүрген өлеңдерін ұсынған. Сондықтан да, қатысушылар бір деңгейлес, өзгелерден қара үзіп, топ жарған үміткерлер сирек.

Ата-аналар немесе жетекшілердің де осы мәселеген назар аудармағаны, ізденбегені қынжылтады.

Қазылар алқасы ақылдаса келе төмендегідей шешімге келді.

 

І орын – Амангелді Серікұлы

ІІ орын – Айғаным Алданышқызы

ІІІ орын – Айару Тілеубердіқызы

                   Жанболат Арманұлы

                   Серік Ғазез

 

Арнайы сыйлық иегері:

Тоқтағазы Өркениет

Таңат Айсұлу

Қалдыбек Айару

Абдрасул Гулмарал

 

Жеңімпаздардың редакцияға хабарласуын сұраймыз.

 

Өзге қатысушылар арнайы дипломдарын төмендегі сілтемеге кіріп, жүктеп алуға болады.