ЖАҢАЛЫҚТАР
«ФАРИЗА ОҚУЛАРЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Республикалық «Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналы мен Qalamger.kz әдеби  порталы ұйымдастырған I республикалық «ФАРИЗА  ОҚУЛАРЫ» онлайн байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауға қатысқан барлық оқушыларға және шәкірт дайындаған ұстаздарға, баласы үшін тақым қысып отырған ата-аналарға  алғысымызды білдіреміз!

 

Бұл байқауда қазылар алқасы 

-тіл тазалығына

-өлең таңдауына

-мәнерлеп, жатқа оқуына

-өлеңнің сөздерін қатесіз жаттауына аса мән берді.

Байқау болған соң мәре сызығын кескендер мен сәттілік жетпей қалған қатысушылар болатыны сөзсіз. Сондықтан біздің өзге де байқауларымызда бақ сынап көрулеріңізге болады.

 

Сондай-ақ протокол бойынша:

1.1. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайтындығы;

1.2. Редакция қызметкерлерімен этикалық нормаларды сақтамай сөйлескен ата-аналар қатыстырған оқушылардың байқауға қатыстырылмағандығы;

1.3. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көп оқушылар видеоларын үй жағдайында түсіргендіктен, видеоның сапасына басымдық берілген жоқ.

 Барлық қатысушыларға тағы да алғысымызды білдіре отырып, жеңімпаздардың тізімін хабарлаймыз.

 

Бейнебайқау бойынша:

І орын: Мәлікова Айғаным

ІІ  орын: Болат Ақмарал

ІІІ орын: Ертай Аякөз

Құрбанияз Ақбота

Ақболатова Айлана

   

Арнау өлеңдер бойынша:

 

І орын: Мейірман Жандос

ІІ  орын: Бағланқызы Сұңқар

ІІІ орын: Болатханова Фарида

 

Qalamger.kz баспасы ұсынған арнайы сыйлық иегерлері:

Мамут Зафура

Әбдірайым Қабілет

Тұрсынғали Аяулым

Бисенқызы Нұрай

Мусаева Ясина

Әбдірахманова Аружан

Аманжол Байтас

Сыдық Бекнұр

Көптлеу Жансая

Әзи Әйгерім

Ең көп лайк жинаған: Фархатова Ақерке

 

Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Жеңімпаздар 8775 3929091 номеріне ватсапқа жазуларын сұраймыз.

МАҢЫЗДЫ! Барлық қатысушылар, төмендегі сілтеме арқылы өз мақтау қағаздарыңызды алфавит бойынша іздеп, жүктеп алуларыңызға болады. Мақтау қағаздары толық  25.05 сағат 12:00-ге дейін жүктеледі. Кемінде 4 оқушы қатыстырған жетекшілерге ғана алғыс хат беріледі. Жетекшілер алғыс хат алу үшін қатысушылар тізімі мен өз аты-жөнін 87474091542 номеріне жазуды сұраймыз.