ЖАҢАЛЫҚТАР
БАТЫРЛАР ЖЫРЫНАН ҮЗІНДІ ОҚУ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ АЯҚТАЛДЫ


Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы мен «Qazaq mektebi» республикалық әдістемелік-танымдық журналы бірлесіп өткізген I республикалық «БАТЫРЛАР ЖЫРЫНАН ҮЗІНДІ ОҚУ» байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға қатысып, ауыз әдебиетіміздің өшпес мұрасын дәріптеуге үлес қосқан барлық оқушыларға және шәкірт дайындаған ұстаздарға алғыс білдіреміз! Дегенмен, жетекшілер оқушыларды байқауға дайындап қатыстырса деген ниетіміз бар. Бұл мәнерлеп оқу байқауы болғандықтан, арнайы талаптар барын, бізге түскен жұмыстардың көбі сын көтермейтінін каналдағы жүктелген видеолардан өздеріңіз де көрген боларсыздар.

 

Бұл байқауда қазылар алқасы қатысушылардың

-тіл тазалығына;

-жырды мәнерлеп, мүдірмей жатқа оқуына;

-өлеңнің сөздерін қатесіз жаттауына мән берді. 

 

ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТІЗІМІ:

 

I орын: Мұрат Ақелік

II орын: Аңсаған Сағынтаев         

III орын: Бейбіт Кәусар

                   Дулат Альмира

 

Арнайы сыйлық: Смағұл Ермұрат

                                       Ерікбидас Айым

                                       Байбосынов Айбек

                                       Серікбаев Димаш

                                       Ізбасар Ұлмекен

 

 

Сонымен қатар ең көп лайк жинаған  qalamger.kz баспасы арнайы сыйлығына Берік Әділбек ие болды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жүлдегерлер 87753929091 номеріне( whatsapp) жазуларыңызды сұраймыз!

 

Қатысушылардың алғыс хаттары осы жерден жүктелетінін ескертеміз.