ЖАҢАЛЫҚТАР
Байқау қорытындыланды

«Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер байқауы аяқталды. Байқауға қатысқан барлық білім алушыларға, жетекшілерге және ата-аналарға өз алғысымызды білдіреміз!

Қазылар алқасы түскен жұмысты сараптап, келесі қатысушыларды жүлдегер ретінде таныды. 

I орын: Айтжанова Аяулым

 II орын: Султангерей Алихан

III орын: Жасқыран Жігер 

Сондай-ақ, байқау барысында белсенді болып, ең көп лайк жинаған Қабашев Нұрлыбек редакцияның арнайы сыйлығына ие болады.

Барлық қатысушылардың мадақтамалары ата-налардың сұранысы бойынша жеке whatsapp номерлеріне жіберілді. Егер, мадақтама алмаған қатысушылар болса, бізге жазуларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, 4 оқушыдан жоғары қатыстырған жетекшілерге ғана алғыс хат беріледі. Оқушылар тізімі мен жетекші өзінің аты-жөнін ватсапқа жазып жіберу керек.

Жеңімпаздардан дүйсенбі күні, жұмыс уақытында хабарласуын сұраймыз.