ЖАҢАЛЫҚТАР
«Абай әлемі» тест қорытындысы

Qalamger.kz сайты Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған тест өткізген болатын. Қатысушыларға тестті орындап шығу үшін 40 сұрақ 60  минут берілді.

 

Өз нәтижеңізді жеке кабинетіңіздегі «Менің жетістіктерім» бөлімінен көре аласыздар. Барлық қатысушыларға автоматты түрде сертификат беріледі ал, жеңімпаздар дипломмен марапатталады. 

Сонымен, ең аз уақытта, ең көп ұпай жинаған қатысушылар тізімі төмендегідей болды.  Ережеге сәйкес алғашқы үштікке сыйлық ретінде смартфон, одан кейінгі 7 қатысушыға qalamger.kz баспасы ұсынған арнайы сыйлықтар беріледі.

Жеңімпаздардан жүлдесін алу үшін жеке куәлігін суретке түсіріп 87026838153 номеріне жолдауды сұраймыз.

Баршы қатысушыларға өз алғысымызды білдіреміз!