ЖАҢАЛЫҚТАР
3-сынып көркем жазу байқауының қорытындысы

«Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналының ұйымдастыруымен 3-сыныптар арасында өткен 

Республикалық «Көркем жазу» байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға, жетекшілерге және ата-аналарға өз алғысымызды білдіреміз!

Түскен жұмыстарды қарауға арнайы құрылған қазылар алқасы каллиграфиялық талаптарға сай, әдемі әрі таза жазылған оқушылардың жұмыстарын жүлдеге лайық деп тапты.

 

I орын: Жұманазар Айбек

II орын:
Төлеш Аружан

Серік Дильназ

 

III орын:
Хайрулла Медина

Бексұлтан Жұмабек

Сағат Хамза

Райана Дулатова

 

Сондай-ақ, байқау барысында белсенді болып, ең көп лайк жинаған Жеткербай Мирас (714) редакцияның арнайы сыйлығына ие болады.

Барлық қатысушыларға мадақтама беріледі. Мадақтаманы төмендегі сілтемеге кіріп (суреттің үстін басу арқылы) алфавит бойынша қарап, жүктеп алуға болады.

Сонымен қатар, 4 оқушыдан жоғары қатыстырған жетекшілерге ғана алғыс хат беріледі. Оқушылар тізімі мен жетекші өзінің аты-жөнін ватсапқа жазып жіберу керек.

Жеңімпаздардан жұмыс күні хабарласуын сұраймыз.