«Алаштың айбоз Әбіші» атты мүшәйра өтеді

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған

«АЛАШТЫҢ АЙБОЗ ӘБІШІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған «Алаштың айбоз Әбіші» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді. 

 

Мақсаты: Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, классик жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау, ұлы қаламгердің есімін мәңгілендіру жолындағы рухани жұмыстарды жалғастыру,  жас таланттардың шығармашылығын қолдау.

 

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:

  • Жыр додасына ақындар екі туындысын жібереді;
  • Бірінші  Әбіш Кекілбаевтың жарқын бейнесі мен бірегей болмысын жырға қосады;
  • Екінші еркін тақырыпта;
  • Мүшәйра ашық түрде «Qalamger.kz» әдеби сайты арқылы өтеді;
  • Почтаға (qalamgerkz@gmail.com)  түскен шығармалар сайттың «онлайн байқау» бөлімінде және  әлеуметтік желі парақшаларында күнделікті жарияланып отырады;
  • Мүшәйраға 18-45 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
  • Мүшәйраға өлеңдер 2019 жылдың 7 қарашасына дейін қабылданып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 14-15  қараша күндері Атырау қаласында өткізіледі; 
  • Жыр байқауына қазақтың белгілі қаламгерлері қазылық етеді;

 

Мүшәйра жүлделері:

 

Бас жүлде - 800000 (сегіз жүз мың теңге)

І орын – 600000 (алты жүз мың теңге)

ІІ орын (екеу) – 400000 (төрт жүз мың теңгеден)

ІІІ орын (екеу) – 300000 (үш жүз мың теңгеден)

 

Әбіш Кекілбаев атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге)

Фариза Оңғарсынова атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге)

 

Мүшәйраға қатысушылардың жол шығыны (поезд)  мен жатар орны ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.  

 

Байланыс телефоны: 87474091542

Почта:  qalamgerkz@gmail.com