«АЙБОЗ» ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Мәдениет және спорт министрлігі алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталатынын мәлімдеді.

Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланды.

 

Олар:

  • Үздік проза;
  • Үздік поэзия;
  • Үздік драматургия;
  • Үздік әдеби аударма;
  • Үздік балалар әдебиеті;
  • Үздік комикс;
  • Үздік кітап дизайны.

Әр номинация бойынша жеңімпазға 5 миллион теңгеден беріледі.

Конкурсқа отандық қаламгерлер қатыса алады.

Ал шығармалар 15 маусым мен 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды поштасы арқылы қабылданады