РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕН ОҚЫҒАН ЕРТЕГІ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕН ОҚЫҒАН ЕРТЕГІ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ

Бастауыш сынып оқушыларының назарына!

Қазанның 25-сі мен қарашаның 20-сы аралығында «Мен оқыған ертегі» атты онлайн шығарма жазу байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты:

 - оқушылардың өз ойын еркін жазып үйренуіне ықпал жасау;

-  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;

-  оқушылардың ойлау, жазу  қабілетін шыңдау;

 - жасөсріпімдердің ана тілге деген сүйіспеншілігін ояту.

 

Байқаудың шарттары:

 

– байқау қазақ тілінде өтеді;

–оқушы өзі оқыған немесе естіген ертегі туралы мазмұндап жазу керек;

– тек бастауыш сынып оқушылары қатыса алады;

– ұсынылатын шығарма сауатты, жүйелі болуы маңызды;

–байқауға алғашқы болып жұмысын жіберген оқушы мен ең көп лайк жинаған оқушыға редакциямыздың арнайы сыйлығы бар;

 

Қатысушыларды марапаттау туралы:

 

1-орын (біреу)–ұялы телефон және диплом;

2-орын (біреу) – планшет және диплом;

3-орын (үшеу) – смартсағат және диплом;

 

Қосымша 6 қатысушыға  демеушілердің бағалы сыйлықтары мен арнайы дипломы беріледі.

Ескерту: Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат үлестіріледі. Ал, жетекшілерге тек 4 оқушыдан жоғары қатыстырса ғана алғыс хат беріледі.

 

Байқауға ұсынатын шығармаларыңызды сайтқа тіркеліп, жеке кабинетіңізге орналастырасыз.

 

ОНЛАЙН БАЙҚАУҒА ЖЕКЕ ҚАТЫСУ ҮЛГІСІ

 

 ОНЛАЙН БАЙҚАУҒА ЕКІ НЕМЕСЕ ОДАН КӨП ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАТЫСТЫРУ ҮЛГІСІ

 

 

 

Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар:

 

 

8747 409 1542

8775 392 90 91